Республикалық IQANAT турына 8”А” сынып оқушысы Алиева Гызханым мен 8 “ Б” сынып оқушысы Құсаин Әлішер қатысып, Алиева Гызханым жеңімпаз атанды. Жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, алда толағай табыстар тілейміз!

Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінде 6 «Б» сынып оқушысы Аминова Айлана орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-орынға ие болды (мұғалімі: Эстерле И.Н.), ал 6 «А» сынып оқушысы Амангелды Ералы Қазақстан тарихы пәні бойынша 3-орын алды (мұғалімі: Оспанова Г.Х.).

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен XVIII Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде 11 «А» сынып оқушысы Денисенко Яна ІІ орын иеленді.
Біз жеңімпазымызды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз.

Республикалық пәндік олимпиаданың ауыл мектептері арасындағы облыстық кезеңінде 11 «А» сынып оқушысы Касаткина Ульяна орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орынға ие болды (пән мұғалімі – Бедрина М.Г.), ал 10 «Б» сынып оқушысы Угаева Алина құқық негіздері пәнінен ІІІ орын алды (пән мұғалімі – Сеитов Н.М.).
Біз жүлдегерлерімізді құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!
Қанатбек Ерасыл, 10 «А» сынып оқушысы, Республикалық олимпиаданың сыни ойлау мен философия пәні бойынша аудандық кезеңіне қатысып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ерасылды шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңде де жеңіс тілейміз!

11 «А» сыныбының оқушысы Лиана Исимбаева V облыстық гуманитарлық олимпиадада облыстық кезеңде 2 орынды иеленді. Біз жеңімпазды құттықтаймыз және алдағы жеңістерді тілейміз.