
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2025 жылдың 1 тамыздан бастап, аяқталуы — 2025 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.
12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді.
18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған.
«Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысып, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алдым», — деді Ерсұлтан.
Американың беделді университетіне түсу үшін оқушы бір жылға жуық дайындалған. Емтихан тапсырып, эссе жазған.
«Оқуға түсу жетістіктермен және емтихан нәтижесімен шектелмейді. Құрдастарыма айтатын кеңесім – сүйікті іспен айналысып, көп еңбектену қажет. Осы жолда маған қолдау көрсеткен ата -анама және мұғалімдеріме рахмет айтамын», — деді Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.
Американың ЖОО-ны бітіріп, елге келген соң Ерсұлтан Питебай физика саласын зерттеуді жалғастырып, отандық ғылымның дамуына өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Массачусетс технологиялық институты әлемдегі рейтингі жоғары оқу орындарының бірі. Робототехника және жасанды интеллект саласында жетекші білім ордасы.
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/523996?lang=kk
Жазғы мектеп жанындағы лагерь бағдарламасы аясында балаларға арналған «Болашақ коды» хакатон зертханасы атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарадан кейін балаларға «Роботтар» атты мультфильм көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты:
«Болашақ коды» хакатон зертханасы цифрлық білім беру бағдарламасы аясында өткізіліп, балалардың бағдарламалау дағдыларын, сыни ойлауын және командамен жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағытталған.
_
_



